(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ САРАПШЫЛАРЫН АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУР...
Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2017 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2017 жылғы 30 наурыз
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
1-қосымша
Сот сарапшыларын аттестаттау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа