Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРДI ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕКПЕН ЖӘНЕ ТЕ...

Осы редакция 2019 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы

№ 26 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық

көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету

қағидалары
(2017.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) есту аппараты - мүгедектерге медициналық көрсетілімдерге байланысты берілетін және құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болып бөлінетін микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;

2) есту аппаратын, сөйлеу процессорын ауыстыру - бұрын мемлекеттік бюджет есебінен орнатылған (ауыстырылған) есту аппаратын, сөйлеу процессорын бір мезгілде алып қоя отырып, есту аппаратын, сөйлеу процессорын беру;

3) есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу - сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультация беруге, сөйлеу процессорын баптауға, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізуге, естуді қабылдауды, ауызша сөйлеуді және танымдық қызметті дамытуға бағытталған ата-аналар (заңды өкілдер) қатысатын іс-шаралар жүйесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку