(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРДI ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕКПЕН ЖӘНЕ ТЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
3-қосымша
Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық
көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету
қағидалары
(2016.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар;
2) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
3) протездiк-ортопедиялық құралдар - қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
4) сурдотехникалық құралдар - есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар;
5) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетін протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
6) тифлотехникалық құралдар - мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
Редакция документа
Демо – версия документа