(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ АЛУШЫ ТҰЛҒАНЫҢ ТҰРУЫНА ЖӘНЕ ОҒАН АҚША СОМАСЫН...
Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 319-бабы 2-тармағының 40), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
Редакция документа
Демо – версия документа