(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАЙ СЕРІКТЕСТІКТІҢ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ...
Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 184 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің м.а.
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 184 бұйрығына
қосымша
Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы шарты
Редакция документа
Демо – версия документа