«Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы (2020.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы
(2020.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
Ә.Исекешев
2015 жылғы 21 сәуір
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.25.12. № 792 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 290 бұйрығымен бекітілген
Документ утратил силу
Демо – версия документа