Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІ ТУРАЛЫ ЕР...

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 Қаулысы

(2018.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде өздерінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін Қағидаға қоса беріліп отырған үлгі нысанға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 1125 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі

қағида

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді біріздендіру және осы ережелерде қамтылуға тиіс нормаларды белгілеу мақсатында әзірленді.

2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі - мемлекеттік органның ресми бөлінген бөлігі, оған қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында оның міндеттерінің, функциялары мен жауапкершілігінің бір бөлігі жүктеледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку