Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ««А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы

(2023.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.

 

№ 151

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 151 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы
біліктілік талаптары

 

ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі - Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

2. Арнайы біліктілік талаптары:

1) білімі бойынша талаптарды;

2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку