Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЛ...

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

25-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы

ереже

(2019.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.24.09. № 823 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) облыс аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелеріне және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку