Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.27.04 № 346 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 346 қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

45-тармақтың «4) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі» деген 4) тармақшасындағы «4)» деген сан «4-1)» деген сандармен ауыстырылсын»;

50-тармақта:

бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;»;

төртінші бөлік алып тасталсын;

95-тармақтың 16) тармақшасындағы «ұсыныстарды қамтуға тиіс.» деген сөздер «ұсыныстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

18) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мақұлданған заң жобасының тұжырымдамасын қамтуға тиіс.»;

107-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жолданады.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку