(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫ...
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 Қаулысы
(2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.31.05. № 430 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 935 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 860 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.31.05. № 430 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы», «Азаматтық қорғау туралы» (бұдан әрі - «Азаматтық қорғау туралы» Заң) және «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа