«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 925 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қаңтардағы № 20 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң салық салу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы № 1069 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне салық салу мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгертулердiң 10-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 6-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат).
Демо – версия документа