Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы № 1251 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 126 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы № 1251 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Кеш жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

бүкіл мәтін бойынша «өтініштерді», «өтініші», «өтініш», «өтінішпен», «өтінішті», «өтініштің», «өтінішке», «өтініштері» деген сөздер тиісінше «өтінішхаттарды», «өтінішхаты», «өтінішхат», «өтінішхатпен», «өтінішхатты», «өтінішхаттың», «өтінішхатқа», «өтінішхаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комиссияны төраға басқарады.

Комиссияның құрамына лауазымы бойынша төрағаның орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.

Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку