Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 152 Жарлығының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі

№ 281 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку