Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығына 3-қосымша) (2018.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнiң

міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 мамырдағы

№ 297 бұйрығына

3-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен күші жойылды

 

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
(2018.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылыжүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нотариустардың мөрлерiн беру.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi нотариустардың мөрлерiн Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы бередi.

 

 

ҚР Әділет министрінің 2018.20.03. № 442 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции