(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИУСТАРДЫҢ ӨТIНIШТЕРIН ҚАБЫЛДАУ, МӨРЛЕРIН ТIРКЕ...
Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына
3-қосымша
«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірде № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариустардың мөрлерiн тiркеу және беру, өтiнiштерiн қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты негiзiнде (бұдан әрi - Стандарт) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi көрсетедi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нотариустардың мөрлерiн беру.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi нотариустардың мөрлерiн Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы бередi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан алуы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн рәсiмдердi (iс-қимылдарды) алуына негiздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
1) өтiнiштi тiркеу;
2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының қарауы;
3) өтiнiштi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмi басшысының қарауы;
4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы өтiнiштi қарау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн рәсiмдеуi;
5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қол қоюы;
Редакция документа
Демо – версия документа