«Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 984 бұйрығы
«Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 984 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17414 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа