(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОРЫШКЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ Қ...
Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына және 48-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 254 бұйрықпен
бекітілген
Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу
қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа