«Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 668 Қаулысы (2018.29.12. берілген өзгерістермен)
«Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 668 Қаулысы
(2018.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне берсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті серіктестіктің қызметінен түсетін кірісті уақытында және толық есептеуді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 668 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
толықтырулар
Демо – версия документа