«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 7 бұйрығы
«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 7 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Субъект алдағы уақытта шекті бағаның өсетіні туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органның ведомствосына алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның өсуіне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
Хабарлама Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ Кодекстің 124-8-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы Субъектілердің бағаларын мониторингілеуді жүзеге асырады.
Шекті бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Субъект Кодекстің 124-8-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы Қағидаларға сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Демо – версия документа