(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ ПАСПОРТЫНЫҢ, ҚАЗА...
Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 Қаулысы
(2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
5) босқын куәлігінің үлгiсі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
3. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 қаулысының;
Редакция документа
Демо – версия документа