(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕЛЕГЕН ҚАРУ ТҮРЛЕРIНIҢ АЙНАЛЫМЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БА...
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2), 4) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
20-бөлім алып тасталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ 53 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 265-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа