Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) МЕ...

Осы редакция 2019 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2018.19.12. № 1601 бұйрығымен (бұр.ред.қара) регламент жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 300 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.19.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;

2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

3. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесi:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку