(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) МЕ...
Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына
1-қосымша
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.14.07. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесi:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат не тіркеуді тоқтата тұру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады;
Редакция документа
Демо – версия документа