«Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 129 бұйрығы (күші жойылды)
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 129 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы 18 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 5 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
Ж. Қасымбек
2015 жылғы 3 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа