«Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығы (2020.20.10. берілген өзгерістермен)
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2020.20.10. берілген өзгерістермен)
«Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10194 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланды):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа