(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМ...
Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1444 Қаулысы
(2016.03.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2016.03.02. № 48 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1444 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа