(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНС...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
(2021.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы маусымның 9-ы.
№ 275
Президентінің
2016 жылғы 9 маусымдағы
№ 275 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін.
2. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы
| - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,
|
Жүнісов Сәрсембек Ендібайұлы | - «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан Е.А. Досаев, Б.Ф. Досмағамбетов, В.Б. Силецкий шығарылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа