«Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығы (2017.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығы
(2017.21.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.21.09. № 333 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
201__жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ә. Исекешев
201___жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник
201___жылғы «__»_________
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 186 бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)
тізбесі
Документ утратил силу
Демо – версия документа