Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 78 Қаулысы

 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 78 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44-45-46, 302 - құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыдағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 225,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

4-тармақ алып тасталсын;

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыдағы 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі осы қаулыдағы 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі осы қаулыдағы 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ алып тасталсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку