Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2022 жылғы 22 ақпандағы

№ 814 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

«1-бөлім. Мемлекеттік саяси қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы» деген бөлімде:

«1. Жалпы ережелер» деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі» деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарларын және орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарауы мүмкін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку