«Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 218 Қаулысы (2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 218 Қаулысы
(2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.20.02. № 6 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 18) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7958 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 771-775 (27847) жарияланған);
Демо – версия документа