«Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 228 бұйрығы
Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 228 бұйрығы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 228 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру (бұдан әрі - тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі
Демо – версия документа