Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ, ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА...

Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 Қаулысы

(2019.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 46 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 46 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, ипотекалық ұйымдарға және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына жіберсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку