(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОБЪЕКТІЛЕРІ...
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 Қаулысы
(2018.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 529 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне атқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 15 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2018.09.04. № 179 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа