(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚОЛЖЕТІМДІ КРЕДИ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 67-68, 477-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа