(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЭРОТҮСІРІЛІМ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ РҰҚСАТТАРДЫ ТІРК...
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 Қаулысы
(2012.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 126 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 126 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 126 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 маусымдағы
№ 530 қаулысымен
бекітілген
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру
қағидалары
Осы Қағидалар «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.
1. Мемлекеттік, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы қызметі үшін фотография, телевизиялық, инфрақызыл, радиолокациялық және басқа аппаратураның көмегімен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және оларды беруді геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа