«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 128-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 43 бірлескен бұйрығы
«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 128-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 43 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы |
С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Демо – версия документа