Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 бұйрығы

 «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларында:

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде конкурстық (аукциондық) құжаттама әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келіседі.

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды дайындауды жүзеге асырады.

Концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды:

1) саланың одан әрі дамуына әсер ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

2) концессиялық жоба мақсаттарының саладағы бар проблемаларды шешуге сәйкестігін;

3) концессионер мен концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың баламалы нұсқаларын;

4) концессиялық жобаны іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы ахуалды;

5) концессиялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку