«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңыніске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі(бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 150-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет тік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2018 жылғы желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
Демо – версия документа