«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына 2-қосымша) (2017.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.13.12. № 835 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.10.04. № 259 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
2-қосымша
«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.10.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жарамдылық мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
Документ утратил силу
Демо – версия документа