Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІСІНІҢ ОРТАҚ МҮЛКІН КҮТІП-ҰСТАУ Қ...

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 19 ақпандағы

№ 108 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау

қағидалары

 

1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлерде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку