(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИЯЛАРЫН СЫЙҒ...
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) акциялар пакетінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 687 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа