(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АПАТҚА ҰШЫРАҒАН...
Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 14 мамырдағы № 450 Қаулысы
(2020.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2006.28.04. № 340 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2019.24.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.23.10. № 701 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 мамырдағы
№ 450 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандырылған қызметтердің
тізбесі
Р/с № | Атауы | Орналасқан жері | Тиесілігі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | «Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі | Алматы қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
2. | «Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі | Нұр-Сұлтан қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
3. | «Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі | Өскемен қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
Редакция документа
Демо – версия документа