Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 Қаулысы (2025.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 Қаулысы

(2025.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.20.02. № 3 Қаулысымен (2023 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.21.10. № 83 Қаулысымен (2024 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.27.12. № 87 Қаулысымен (2025 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9529 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген, Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 22-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 24.10.2016 ж. жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции