(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚТЫҚ КАДАСТРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҒИМАРАТТАРД...
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығы
(2019.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.04. № 492 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.04. № 492 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа