(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНД...
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығы
(2016.22.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 608 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 591 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу
үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын
сертификаттың болуы қажет лауазымдардың
тізбесі
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы басшысының орынбасары;
Редакция документа
Демо – версия документа