«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 681 Қаулысы (2017.17.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 681 Қаулысы
(2017.17.02. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі түрі жоғарғы білім болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 681 қаулысымен
бекітілген
Демо – версия документа