«Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 8 қарашадағы № 352 бұйрығы
«Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 8 қарашадағы № 352 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бекіту үшін мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Демо – версия документа