«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 25 Қаулысы
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 25 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰБОО» КеАҚ) құрылсын.
2. «ҰБОО» КеАҚ қызметінің негізгі түрлері психоневрологиялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмекті қамтитын арнаулы, жоғары технологиялық, стационарлық, стационарды алмастыратын, консультациялық-диагностикалық, кешенді оңалту және өзге де медициналық көмек, қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, тиімді диеталық тамақтануды қамтамасыз ету және балаларды жалпы, қосалқы және түзету бағдарламалары бойынша оқыту, инклюзивті білім беру және паралимпиадалық ойындарға тарту, докторантура (PhD), резидентура, магистратура арқылы кадрлар даярлау, сондай-ақ бейіні бойынша медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелер мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, ғылыми-инновациялық технологияларды енгізу, бала жасындағы ауруларды оңалту мен олардың профилактикасының қолданыстағы технологияларын (әдістерін) жетілдіруге қатысу және жаңаларын әзірлеу, оңалту және қалпына келтіру емі саласындағы ғылыми және әдістемелік әдебиетті әзірлеу және басып шығару, холдинг компанияларының қызметі болып айқындалсын.
3. «ҰБОО» КеАҚ жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
Демо – версия документа